Фармацевтикалық қызметін сатып алу туралы хабарландыру

21.04.2015

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2015 жылға халыққа тегін қамтамасыз етуге тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық қызметін сатып алу тендерін өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алынатын фармацевтикалық кызметтер, саны және толық сипаттамасы тендерлік құжаттарда көрсетілген.

   Қызмет көрсету мерзімі: 2015 жылдың 31 желтоқсан айына дейін.

   Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың «30» қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген (25.02.10ж. № 122., 26.05.10ж. № 474, 14.07.10ж. № 716,  31.08.11ж. № 983, 16.05.12г. № 629, 08.11.12г. № 1415, от 16.09.13ж. №  964, от 04.07.14ж. № 767) өзгерістерімен Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық,  диагностикалық, зарарсыздандыратын) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің 8-9 тт. көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.

 Тендерлік құжаттаманы  2015 жылдың «16» ақпан күні 09.00-дан 12.00 – ге дейінгі мерзімде мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40  № 613 бөлмеде немесе  medzakup@mail.ru адресі бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2015 жылдың «17» ақпан күні сағат 10.00-ға дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2015 жылдың «17» ақпан күні сағат 12-00-де Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40  № 630 бөлмеде ашылады.

Конверттерді ашылатын кезде өнім берушілерге қатысуға болады.

 Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 54-09-84.