7 сәуір- Денсаулық күні!

10.04.2015

Аудандық аурухананың ұйымдастыруымен 7 сәуір- Денсаулық күні «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» девизімен аудандық ішкі саясат, аудандық білім бөлімі, Алға қаласы индустриалды-техникалық колледж студенттері, аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірге Алға қаласы  мектептері мен Тамды, Бестамақ орта мектептері оқушылар және Алға индустриалды-техникалық колледж студенттері арасында «Жастар-нашақорлыққа қарсы» тақырыбында плакаттар  конкурсы өтті.

Аудандық әкімшілік, ішкі саясат, білім бөлімі мен аудандық аурухана мамандарының қатысуымен төрешілер жақсы нәтиже көрсеткен мектептерді анықтады. Жақсы нәтиже көрсетіп,  орын алған суретшілер мен мектептер мақтау грамоталарымен марапатталды.