«Жәрдем» медициналық поезы Алға ауданы аумағында.

10.04.2015

ҚР Президенті әкімшілігінің  Қазақстан халқы ассамблеясы жылына арналған «Менің Қазақстаным» поезының бекітілген кестесіне сәйкес, елді мекендерде болып, тұрғындарға қажетті медициналық, емдік-диагностикалық ақыл-кеңес, көмек  беру үшін 2015 жылы 7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күні консультативті-диагностикалық медициналық «Жәрдем» поезы Тамды станциясына келді.

Поездың келетіні, емдік-диагностикалық көрсетілетін көмек туралы тұрғындарға алдын ала хабарланды. «Жәрдем» поезын село халқы жылы шыраймен қарсы алды.

Аудан әкімінің орынбасары М.Джалгаспаев, аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев жиналған халыққа «Жәрдем» поезының келу мақсатын, келген дәрігерлермен таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.