Темір ауданы бойынша « Дүниежүзілік денсаулық күнін» өткізу туралы.

16.04.2015

Темір  ауданы  бойынша  7- сәуір   Дүниежүзілік  денсаулық  күні  « Мен салауатты өмірді таңдаймын» атты ұранмен ұйымдастырылып  өткізілді.

Аудандық  емханада «Ашық есік күні» өткізіліп, тұрғындарға  аурудың  алдын- алу  жөнінде  түсінік  жұмыстары  жүргізіліп, скринингті  тексеруден өткізіліп, «Жедел ішек инфекциясының алдын алу»,  «Сау болу өз қолыңда», «Салауатты өмір салтын ұстан»,т.б тақырыптардағы парақшалар  таратылды.

Аудандық «Халық банкінде» денсаулық  қалашығы  ұйымдастырылып  жүргізілді,яғни тұрғындарға қан қысымын өлшеу, бойын,салмағын өлшеу,  экспресс – тәсілі арқылы қандағы шекер  мөлшерін анықтау  қызметтері  110 адамға көрсетілді, парақшалар  таратылды.

№1 мектеп гимназиясында флешмоб ұйымдастырылып  жүргізілді  және оқушыларға  «Дұрыс  тамақтану», «Салауатты өмір салтын ұстан», «Вакцинация жұқпалы  ауруларды  қорғаудың ең -  сенімді  жолы» тақырыптарына дәріс жүргізіліп, бейнороликтер  көрсетілді.

Емдеу профилактикалық  мекемелерде, мектептерде «Денсаулық  бұрыштары»  жасақталып  материалдармен  толықтырылды.