2014 жылдың қараша айының 18 күні Алға аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің халықпен кездесуі

04.12.2014

Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті дәрігерінің ұйымдастыруымен Алға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері  А.Ж.Жанабаев  Алға қаласының №2  Алға орта орыс-қазақ мектебінде халық арасында кездесу өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық ауруханада жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде, скринингілік тексерулер, анықталатын аурулар мен қауіпті мінез-құлық факторлары, аурулардың алдын алу жөнінде  түсіндіріп айтты.  

Кездесуге қатысқан халық аурухананың  бас дәрігеріне өздерін толғандырған сұрақтарын, есепте тұрған ауруларға берілетін тегін дәрілер, әсіресе дәрігерге қаралу үшін берілетін талон, ауруханаға жатып емделу жөніндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын толыққанды  алды.  Барлығы 87 адам қатысты. 122 ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері     Т.Қ.Сәтен өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінде жүргізіліп жатқан жұмыстар, салауатты өмір салтының маңызы мен аспектілері жөнінде  айтып, бейнеайналма арқылы көрсетті.

       Кездесу барысында тұрғылықты жерде аудандық ауруханада жасалып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге, аудандық аурухана дәрігерлерінің жұмысына оң баға бере отырып, алғыстары мен ризашылықтарын білдірді