Халық денсаулығын сақтау жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі отырысы.

16.03.2015

2015 жылдың  ақпан  айынджа  аудан әкімі жанындағы халық денсаулығын сақтау жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі отырысы өтті. Үйлестіру Кеңесінде  Алға аудандық орталық ауруханада  әлеуметтік мәні бар аурулар- қант диабеті,   глаукома және онкологиялық ауруларды анықтау мен деңгейін төмендету мақсатында ауданда скринингілік зерттеулерді күшейтуде 2014 жылы аудандық аурухана бойынша атқарылған шаралардың қорытындылары жөнінде аудандық аурухананың бас  дәрігері А.Жанабаев әрбір жағдайға нақты тоқталып, ауруды анықтау, тексеру және алдын алуда жасалған жұмыстар туралы мәлімдеме жасап, түсініктеме берді. Жұмыс беруші (мекеме басшылары) скринингтік тексерілуге дұрыс көзқараспен қарап, қызметкерлерін тексеруден өтуге уақытында жіберулеріне ықпал жасау, жұмыс беруші (мекеме басшылары) жасы бойынша скринингтен өтуі тиіс азаматтарды скринингтен уақытында өтулеріне ықпал жасау,

Халық арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында скринингілік тексерілудің маңызын белсенді түрде насихаттау жөнінде ұсыныс жасалды.