Мен және менің әлемім. Күйзелістің алдын алу

15.07.2014

Үстіміздегі жылдың 5 наурызында  «Шарапат» жастар денсаулық орталығы Ақтөбе политехникалық колледжінде студенттер арасында «Мен және менің әлемім. Күйзелістің алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді. Бағдарламада видеороликтер көрсетіліп, баяндамалар оқылды, сұрақтарға жауап беріліп, тренинг жүргізілді, ақпараттық ағарту материалдары таратылды.