Вакцинация –балаларды жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді жолы тұрғындармен кездесу

26.11.2015

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары» және «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында педиатрия саласының маңызды бағытының бірі ,балалар және жасөспірімдер арасында  алдын алу иммунопрофилактикалық іс-шаралар деңгейін арттыру мақсатында 2015 жылдың 20қарашасында Шалқар ауданында «Вакцинация –балаларды жұқпалы инфекциялық аурулардан қорғаудың ең сенімді жолы » атты тақырыпта тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуге Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала өмірін қорғау бөлімінің бас маманы А.Куштаева, БҚММУ жұқпалы аурулар кафедрасының жетекшісі М.Құрманғазин , Ақтөбе облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы  К.Омарова , аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Бурамбаева, аудандық мешіттің бас  имамы Н.  Такеев        , аудандық аурухана бас дәрігері Ж.Былқайыр қатысты .Бұл кездесуге балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналар шақырылды. Облыс мамандары қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріп ,екпенің жұқпалы аурулардың алдын алудағы орны бөлек екеніне аса тоқталып,жұқпалы аурулардан болатын  асқынулар туралы бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық оқыту материалдары таратылды..Қатысқаны-60адам.