«Жаса, Қазақстан» атты концерт өтті!

30.11.2015

27 қараша күні Алға қаласының мәдениет үйінде Қ.Р. Тұңғыш президенті және Тәуелсіздік күндеріне, қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Алға қалалық көркемөнерпаздар ұйымдарының байқауы өтті.        

          Байқауға «Жаса, Қазақстан» атты концерттік бағдарламамен бас дәрігер А.Ж.Жанабаевтын   басшылығымен Алға аудандық орталық аурухана да қатысты.

         Бағдарламада аурухана ұжымы «Желтоқсан желі» тақырыбында көрініс көрсетіп, «Қазақтың жігіттері»  деген  ән- толғау  мен «Мәңгі жаса, Отаным» әндер орындап,  Қалқаман Сариннің- «Тәуелсіздігім менің», қара өлең - «Егемендік-елдігім, егемендік-ерлігім»ді нақышына келтіріп айтып,  мың бұралған қазақ биін билеп, «Елім менің» деген  хормен аяқтады.