Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы! 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні!

30.11.2015

Аудандық аурухана медицина қызметкерлері арасында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараны аудандық аурухана бас дәрігері мерекелік құттықтау сөзбен ашты. Ел басымыз Н.Назарбаевтың  өмір жолы,еңбек жолы,отбасы  туралы Г.Абашова баяндама жасады. Өмір жолынан бейнеролик ,бейнефильм көрсетілді.Г.Мырзағұлова Тұңғыш Президент күніне арналған толғау оқыса, Ж.Исакова елбасымыз Н.Назарбаевтың кітаптарынан көрме ұйымдастырып ,әріптестерге таныстырды. Онда жасөспірім кезінен бастап,ұлт көшбасшысына дейінгі өмірі , сыныптас достарының естеліктері, «Халыққа арнау»кітабындағы сөйлеген сөздері, «Жылдар мен ойлар »кітабында Елбасының сөйлеген сөздерінен алынған қанатты сөздері,  басқа ел мемлекет басшыларынан алған марапаттаулар туралы,мелекет басшыларымен саясаткерлермен ,дін қызметкерлерімен кездесулері .Сонымен қатар   еңбек  жолындағы саяси кездесулер туралы фотоальбом жинағы да көрсетілді. Соңынан шағын мерекелік  концерттік бағдарламаға  ұласты,  «Атамекен» әні шырқалды.  Барлығы-50 адам қатысты.