1 қазан -Халықаралық қарттар күні.

12.10.2015

               1 қазан -Халықаралық қарттар күні. 

1 қазан - Халықаралық қарттар күні.  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылдан бері  жыл сайын атап өтіледі. Қарттар күнінің маңызы - аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, олардың материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық жағдайлары мен денсаулығына назар аударып, көмек түрлерін көрсету мәселелері болып отыр.  Отбасында қарт ата-ана болып,  үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады. Қазақстанда ардагерлерге – қарттарға қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Осындай шаралардың бірі аудандық ауруханада бас дәрігер А.Жанабаевтың ұйымдастыруымен жүргізілді. Теледидардан жүгіртпе жол арқылы  3 қазан –сенбі күні аудандық емханада  дәрігерге тексеріліп, қаралғысы келетін карттар үшін  ашық есік күні өтетіні хабарланды, үйлеріне  барып, денсаулықтарын қарап, емханаға медициналық тексерілуге шақырылды.  Ашық есік күні аудандық аурухананың бас дәрігері  емханаға келген әрбір қарттың жағдайын, денсаулығын сұрап, көмек қолын созуға медицина қызметкерлері дайын екенін жеткізді.  Дәрігерлер  келген  қарттарды қабылдап, сараптамадан, тексерулерден өткізіп, дәрігерлік кеңестерін берді.