Вакцинация -денсаулық сақтау саласының жеткен үлкен жетістігі.

12.10.2015

Вакцинация -денсаулық сақтау саласының жеткен үлкен жетістігі.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында Денсаулық сақтау жүйесінің басымдылықтары, тұрғындардың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етe,  дәрігерлік көмектің сапасын жақcарту, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау - медициналық профилактикалық- аурулардың алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастырып, жүргізу және қамтамасыз ету. Профилактикалық - аурулардың алдын алу шараларының бірі- Вакцинация -денсаулық сақтау саласының жеткен үлкен жетістігі. Профилактикалық екпе-вакцинацияның арқасында милиондаған  бала ауырмай дені сау өсіп, жетілді. Аурудың алдын алу, аурудан сақтану-әрбір адамның құқығы.     Тұрғындарға алдын ала егу дегеніміз не, неден және қалай егілу керек, ҚР егілу күнтізбесіне сәйкес егілуге қажет жұқпалы аурулар, егу алдында бала дәрігермен қаралып, вакцинаны еккеннен кейін қандай реакциялар болуы мүмкін, ондай жағдайда анасының не істеу керектігі жөнінде тұрғындарға түсіндірілді. Вакцинациядан кейін бала ағзасының қорғаныш күштері дамиды, олар кейіннен баланы осы жұқпадан қорғайтыны,  егу күнтізбесіне енгізілген өзгерістер жөнінде ата-аналарға  түсіндіріп, бейне айналмалар арқылы көрсетіледі, бүктемелер мен парақшалар таратылады. Сұрақтарға жауап берілді.