Жас мамандарды медициналық қызметкер қатарына қабылдау.

21.10.2015

       

 Қазанның 9 жұлдызында Қобда аудандық орталық ауруханасында  «Жас мамандарды медициналық қызметкер қатарына қабылдау» бойынша  салтанатты рәсім болып өтті.   Біздің ауруханамызда  жас мамандарды  кәсіби мамандық  қатарына қосу дәстүрі  осыдан көп жылдан бері басталды.  Жыл өткен сайын  кешегі  медициналық оқу орындарының студенттері,  бүгінгі  жас мамандардың қатарымен толуда. Салтанатты рәсім күні олар үшін  үлкен мереке  десек те болады,  өйткені  әрбір адам үшін өзінің еңбек жолының басталуы ең маңызды болып есептеледі. Биылғы жылы аурухана ұжымына  2 жас дәрігер және 3 медбике келді.

       Бас дәрігер Саренова Б.М  салтанатты рәсімді аша отырып, өзінің құттықтау сөзінде: «Медицина қызметкерінің жұмысы  ынта-жігермен, өз ісіне беріле жұмыс істеудің ең маңызды және ең қажетті  болып табылатынын» айтып өтті.  Мамандыққа адал болуға салтанатты ант айтылды, жас мамандарға тәлімгерлердің аманатымен сыйлықтар берілді. Содан соң, жұмыс істеп үлгерген жастарды бөлімше  қызметкерлері таныстырды.

        Жас мамандарды мамандар қатарына қабылдау рәсімінде зейнетке шығуына байланысты еңбек ардагері дәрігер нарколог Елемес Нұғманұлын шығарып салу кеші ұйымдастырылды. Еңбек ардагері жастарға жақсы тілектер айтып өз орнын ұсынды.  Оның еңбек жолы жайлы айтылып, концерттік номер қойылып, бағалы сыйлықтар берілді.