Кездесу

13.09.2015

«Ашық есік күні»

Алға аудандық орталық ауруханада жедел жұқпалы ішек  және сальмонеллез  ауруларының  алдын алуға бағытталған «Ашық есік күні» 03 тамыз 2015 жылы   тұрғындармен кездесу өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. сұрақтарға жауаптар берілді.    Кездесуге аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев, Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б.Шағалбаев, аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері, бала дәрігері, иммунолог және валеолог дәрігерлер қатысып,  жедел жұқпалы ішек  және сальмонеллез  ауруларының   алдын алуда қандай шаралар жүргізілуі керектігі жөнінде  түсінік жұмыстары жүргізілді, сұрақтарға жауаптар берілді. 

Жаз айында жедел жұқпалы ішек  және сальмонеллез  аурулары жиі кездеседі.  Жедел жұқпалы ішек  және сальмонеллез  дегеніміз не,  берілу, жұғу  жолдары, регидронотерапия туралы дәрігерлер түсіндіріп, алдын алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ,  қазір қарбыз-қауынның піскен уақыты. Қарбызды сатып аларда сатушы жанын үш бұрыштылап тіліп, ішін көрсетеді. Тілінген жерге микроб түсуі мүмкін әрі базардағы қарбыздың күн көзінде тұратыны белгілі.  Ал осындай қарбызды жеген баланың инфекциялық ауруды жұқтыратыны анық. Ата-аналар балаларына жеміс-жидектерді жуып бергені жөн және сәбилеріне йогурт, шұжық секілді тағамдарды беруге болмайтынын ескертті. Яғни аурудың барлығы дұрыс тамақтанбаудан және  тазалықты сақтамаудан пайда болады,  ішек ауруларының  көбеюіне ет, құс өнімдері де өз әсерін тигізеді . Жазда кәуап, жұмыртқаны шала пісіріп жеу сальмонеллез ауруына шалдықтырады.  Ал бассейндерде, су қоймаларында шомылып жүріп су жұтып немесе аузыңызға су кіріп кетсе де  ішек ауруына шалдығуыңыз әбден  мүмкін. Бұған қоса дұрыс қайнатылмаған көкөністер, баклажан, қияр, қарбыз секілді өнімдер аса қауіпті саналады. Ал бұндай аурулардың алдын алу үшін қарапайым тазалық ережелерін сақтап, ағзаны шынықтыру, өзіндік тазалықты сақтау ережелерін түсіндіріп, бейнеайналма арқылы көрсетті.