Бірінші қыркүйек- Білім күні.

13.09.2015

Бірінші қыркүйек- Білім күні.

Алға ауданының Ивановкі орта мектебінде 1 қыркүйек-білім күні Ұлан байтақ еліміздің барлық мектебіндегідей жаңа оқу жылының басталуына орай үлкен мерекелік шара өтті.  Мерекелік шараға ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Шараны мектептің жас басшысы ашып, өткен оқу жылында мектепте жүргізілген шаралар, жеткен жетістіктер мен шәкірт тәрбиелеу мен білім беруде  еңбегімен көзге түскен ұстаздарды марапаттап, алда жасалуға тиісті жұмыс-жоспарларымен таныстырды.

Аудандық аурухана дәрігері мерекеге қатысушыларды 1 қыркүйек –білім күнімен құттықтап,   биылғы  жылы  1  класқа  баратын оқушыларға  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Менің Отаным – Қазақстан»  кітабын  сыйлыққа  тарту  етті.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында,  2015 жылдың  1-7 қыркүйек аралығында республикамыздың барлық аймақтарындағы секілді Алға ауданының мектептерінде  «Менің байлығым- менің отбасым!» ұранымен «Денсаулық апталығы» кең ауқымды акция  өткізілуде. 1 қыркүйек-барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Баршасын білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар тілейді.