«Денсаулық фестивалі – 2015» Алға қаласында

16.09.2015

                            «Денсаулық фестивалі – 2015»  Алға қаласында

Алға аудандық орталық аурухананың, аудандық әкімшілік, аудандық білім бөлімі, аудандық спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алға қаласының  орталық стадионында Алға қаласы тұрғындарының қатысуымен «Салауатты өмір салтын ұстан!»  атты  ұранымен  «Денсаулық фестивалі – 2015»  акциясы өтті. Акция ауданның селолық округтерінде де өтті. Акцияға аудан бойынша барлығы  1120 адам қатысты.

Сағат 9-да акцияға қатысушылар - жаяу жүргіншілер – оқушылар, студенттер, қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері, медицина қызметкерлері орталық стадионға сап түзеп келді. Денсаулық фестивалін аудан әкімінің орынбасары М.Жалғасбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев, спорт ардагері А.Лыпенкоспорт ашқаннан кейін, қатысушылар әуенмен дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Жаттығу біткеннен кейін Денсаулық фестиваліне қатысушылар шағын адымдап жүгірді. Арасында мәдениет бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен   концерт қойылды. Денсаулық фестивалі кезінде қатысушылар арасында ұзындыққа секіруден, суға жүзуден жарыстар өткізілді. Медицина қызметкерлері фестивальға қатысушылардың қан қысымын өлшеп, салауатты өмір салты, аурудың алдын алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді, ақпараттық-оқыту материалдарын таратты. Спорттық жарыста  жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыарды аудандық аурухана мен аудандық спорт бөлімі мақтау қағаздарымен марапаттады.