5 қыркүйек - Денсаулық фестивалі-2015

01.10.2015

5 қыркүйек - Денсаулық фестивалі-2015

«Салауатты өмір салтын ұстан!» атты ұранымен 5 –ші қыркүйекте Шалқар қаласының №8 мектеп алаңында кең көлемді акция аудан әкімшілігі, ішкі саясат,спорт және денешынықтыру , аудандық аурухана ,білім бөлімі,жастар ресурстар орталығының ұйымдастыруымен өтті. Фестивальге қаланың барлық еңбек ұжымдары бірауыздан «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты лозунгілермен ,шарлармен келді.

Денсаулық фестивалін Шалқар ауданы әкімі Е.Данағұлов құттықтау сөзбен ашты ,спорт ардагері Б.Бердалин ,жас спортшы Республикалық дәрежеде орын алған өз тілектерін білдірді. ҚР гимн айтылғаннан кейін 15 минуттық дене жаттығуы жасалды.

Жастар ресурстар орталығы жастарының бастауымен флеш-моб биленді. Содан кейін спорт мектебінің спортшылары спорт түрлерінен өз өнерлерін көрсетті.(бокс,күрес,дзюдо,футбол). Фестивальге қатысушылар аудан әкімшілігі,білім бөлімі,аудандық аурухана қызметкерлері арасында қызу арқан тартыс болды,одан кейін асық ату ойындарына жалғасты. Аудандық аурухана қызметкерлері «Денсаулық қалашығын »ұйымдастырып тұрғындардың қан қысымын,қандағы шекер ,холестерин мөлшерін өлшеп кеңестер беріп,ақпараттық оқыту материалдары таратылды.Мектеп оқушылары «Салауатты тағам бұрышы» жәрмеңкесін ұйымдастырып өздері дайындаған тағамдарын фестивальге қатысушыларға тарту етті. Соңынан концерттік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар денсаулық фестивалі ауданның барлық еңбек ұжымдарында бір уақытта өтті.Барлығы қатысқаны-1200 адам.