1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.
08.12.2015
Қобда ауданында Қобда аудандық орталық ауруханасында 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті жолдауына аурухана қызметкерлері тікелей эфирде тыңдау үшін жиналды. Сонымен қатар, жолдауды тыңдап болған соң, ауруханамыздың конференц залында мереке атап өтілді.
«Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні» атты тұңғыш президентіміз туралы слайд көрсетілді.
Жиналыста Елбасымыз туралы толық ақпарат, өмірбаяны, балалық шағы, жастық шағы, отбасы туралы баяндалды. Аурухана конференц залында жас мамандар ұйымдастырылған мерекелік жиналысты құттықтау сөзбен аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ә.Б.Пернебаева ашып, аурухана қызметкерлеріне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында егемендігімізді алғаннан бергі мезгілде Республикамызда болып жатқан оңөзгерістерге тоқталып, жиналған жұртшылықты 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тіледі. Мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өтудің маңызын айқындай келе, Ел тізгінін ұстаған Елбасымен болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын деген қорытынды жасалды. Кеш соңында жиналған аурухана қызметкерлері бірігіп флешмоб ұйымдастырды.