ЖИТС індетіне қарсы күресу Дүниежүзілік кампаниясы өтуде.
10.12.2015
. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2015 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанға орайластырылған АИТВ инфекциясының алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.
Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) иммундық жүйе жасушаларын, оның қызметін зақымдайтын және әлсірететін ретровирус болып табылады. Бастапқы кезеңде инфекция белгісіз дамиды. Дегенмен, оның дамуына қарай иммундық жүйе әлсіреп, адам шартты патогенді инфекцияларға аса сезімтал болады.
Жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (ЖИТС) – АИТВ инфекциясының соңғы сатысы. АИТВ инфекциясын жұқтырған адам ЖИТС-қа 10-15 жылда шалдығуы мүмкін, ал ол үдерісті ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмек бәсеңдете алады.
Халықтың АИТВ/ЖИТС мәселелері жөнінде ақпараттандыру деңгейін артыру және 2015жылдың 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан аралығында «Мақсатқа бағытталу жолында; АТИВ менөмір сүретін адамдардың 90% -ы –өздерінің АИТВ жағдайларын біледі; АИТВ –инфекциясы диагнозы бар адамдардың 90% -ы АРТ қабылдайтын болады; АРТ қабылдайтын 90 адамда вирустық басылу орын алады» ұранымен айлық аясында аудандық аурухана медбикелері арасында СӨСҚК дәрігері,дәрігер эпидемиолог,бас медбикенің қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Семинарда слайд-шоу көрсетілді, эпидемиологиялық статистикалық жағдайларға тоқталды. Қатысқаны-73 адам.
Әлеуметтік қызметкерлер ,психологтар арасында алдын алу және психоәлеуметтік бөлім меңгерушісі ,СӨСҚК дәрігерінің қатысуымен тренинг өтті,қатысқаны-9 адам.Сонымен қатар аудан мектептерінде,агротехникалық колледжде кездесулер,тренингтер ,сауалнамалар өткізілді. №5 қазақ-орыс мектебінде «СПИД-адам баласына төнген қауіп!»атты акция ұйымдастырылды. Акцияға аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері С.Нұралина ,дәрігер эпидемиологы С.Игисинова,мектеп ұжымы және 10-11 сынып оқушылары қатысты.Акцияның мақсаты жасөспірімдерге СПИД дертінің 21 ғасыр обасы екенін сезіндіру, өздерінің және айналасындағылардың денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.ВИЧ -тің туу тарихымен,статистикалық деректерге тоқталды, бейнеролик көрсетілді, топтық жұмыстар , театрландырылған көрініс,би болды.Соңынан қорытындылап осы дерттен өздеріңді, достарыңды,жақындарыңды қорғауға болатынын білдіңіздер. Қатысқаны-65 адам.