2014 жылдың 15.08. №233 облыстық маслихаттың шешімінде көрсетілген дәрілік заттарды, вакциналар, ана мен бала қобдишасын сатып алу туралы хабарландыру

21.04.2015

         

«Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2015 жылға халыққа тегін қамтамасыз етуге тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша 2014 жылдың  15.08. №233 облыстық маслихаттың шешімінде көрсетілген дәрілік заттарды, вакциналар,  ана мен бала қобдишасын сатып алу тендерін өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алынатын, дәрілік заттардың, вакциналардың және  ана мен бала қобдишасының саны,  толық сипаттамасы тендерлік құжаттарда көрсетілген.

 Тауарларды беру орыны тендерлік құжаттарда көрсетілген.

Тауарларды берудің талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттарда көрсетілген

  Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің (25.02.10ж. № 122., 26.05.10ж. № 474, 14.07.10ж. № 716,  31.08.11ж. № 983,  16.05.12г. № 629, 08.11.12г. № 1415, 16.09.13г. № 964, 04.07.14ж.№767) өзгерістерімен және толықтырулармен 2009 жылдың «30» қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық,  диагностикалық, зарарсыздандыратын) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің 8-9 тт. көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.

 Тендерлік құжаттаманы  2015 жылдың «04» наурыз күні 09.00-дан 11.00 – ге дейінгі мерзімде мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40  № 613 бөлмеде немесе  medzakup@mail.ru адресі бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2015 жылдың «05» наурыз күні сағат 10.00-ға дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2015 жылдың «05» наурыз күні сағат 11-00-де Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40  № 630 бөлмеде ашылады.

Конверттерді ашылатын кезде өнім берушілерге қатысуға болады.

 Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 54-09-84.