Дүйсенбідеаудандық аурухананың басшысы Айдарбек Жабағиев пен аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Күзембаева Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мерекесіне орай аудандағы екі ҰОС ардагерлері Владимир Сергеевич Сычев пен Василий Демяньович Лавренюктің үйлерінде болды. Бүгінгі ұрпақтың тыныштығы үшін майданда қан кешкен ардагерлердің жағдайымен танысқан.
Айдарбек Құлназарұлы денсаулықтарына арнайы көңіл бөліп, қандай да бір сұрақтарына жауап беруге дайын екенін жеткізді. Дегенмен, жасы ұлғайған қариялар арнайы ат басын бұрып, барлық басшылардың назардан тыс қалдырмай үнемі көңіл бөлетіндеріне ризалықтарын білдірді.
Владимир Сычев медицина саласының қызметкерлеріне, соның ішінде жиі келіп жағдай жасап отыратын учаскелік терапевт дәрігерінің жауапты жұмысын атап, қуанышымен бөлісті. Екі қызының мейіріміне бөленіп отырған ардагер ақ батасын берді. Ал, Аққұдық ауылының тұрғыны Василий Лавренюкті мазалаған сырқаты туралы естіген бас дәрігер ауруханада еш кезексіз және жылдам түрде тексеруден өткізіп, ем– дом жазып, тегін дәрі– дәрмекпен қамтамасыз етуге уәде берді. Бүгінде барлық жағдайлары түгелденген қариялардың басшыларға алғыстан басқа айтары болмады. Әңгіме соңында Айдарбек Жабағиев алғашқы көмекке қажетті медициналық заттар салынған қораптар табыстады.