Иммунизация апталығы
30.04.2015
21.04.2015 ж. 20 сәуірден 27 сәуір аралығында «Өз әлеміңді қорға – вакцинация ал!» атты ұранмен апталық аясында Шалқар аудандық емханасында «Жас аналар» мектебінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері С.Нұралинаның қатысуымен «Екпе алып – өз әлеміңді қорға»тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Екпенің түрлеріне, олардың жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызына тоқталып, уақытында екпе алуға шақырды. Соңынан екпе туралы біліктіліктерін тексеру мақсатында сауалнама алынды. Барлығы - 13 әйел.
21.04.2015 ж. Апталық аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындар арасында акция өткізілді. ХҚКО залындағы теледидардан екпенің маңызы туралы бейнеролик көрсетіліп,лекция оқылды, соңынан сауалнама алынды. Қамтылғаны - 55адам.
23.04.2015 ж. «Қарлығаш» мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасында «Біз салауатты өмір салтын олдаймыз!» атты эстафеталық сайыс өткізіліп, соңынан дәріс оқылып,сауалнама ұйымдастырылды. 27 адам.
24.04.2015 ж. «Қамқор» Локомотив депосының жұмысщыларымен ауданнан құрылған мобильдік топ мүшелерінің кездесуі өткізілді. Топ мүшелерінің құрамында ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Бурамбаева, Емхана меңгерушісі Е.Көпенов,СӨСҚК дәрігері С.Нұралина, иммунолог К.Бимағанбетова,ТҚҚБ маманы Р.Елібаева, орталық мешіттің имамы қатысты. Екпенің маңызы, қандай жұқпалы ауруларға қарсы жасалатыны туралы айтылып,бейнефильм көрсетіліп,презентация жасалды. Қойылған сауалдарға жауап берілді. Соңынан сауалнама алынды.Барлығы - 80 адам қатысты.
24.04.2015 ж. 21.00 –де Орталық мешітте кешкі намаз уақытында жамағаттар арасында Шалқар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қ.Махамбетов иммундаудың маңызы туралы дәріс оқыса, имам діни тұрғыдан екпенің ешқандай зияндылығы жоқ екенін түсіндірді. Қамтылғаны - 15 адам.