Мәртөк аудандық орталық ауруханасы 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні атап өтілді
06.04.2015
Көктемнің шуақты күндерімен бірге 8 наурыз халықаралық әйел- қыздар мерекесі де күлімдеп келіп жетті. Әлемді тербеткен әйелдердің осынау төл мерекесін атап өту орталық аудандық аурухананың нәзік жанды қызметкерлерінің жадында көпке дейін сақталары сөзсіз. Күндіз- түні тынбай халық денсаулығының сақшыларына айналған ақ халатты абзал жандар, бүкіл ғұмырын осы салаға арнаған зейнеткерлер, ардагерлер, мерейтой иелеріне, жалпы денсаулық сақтау саласында тер төгіп жүрген қыз- келіншектерге аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жабағиев Айдарбек, орталық аурухананың кәсіподақ ұйымының төрайымы Қалиева Алмагүл өз жылы лебіздерін арнады.
Салтанатты жиынның ресми бөлімі ауруханада дәстүрге айналған көп балалы аналарды марапаттаумен жалғасты, ОАА перзентхана бөлімінің қызметкері У.Алтынбаева, Жайсаң ДА қызметкері Р.Бойко, науқастарды қабылдау бөлмесінің қызметкері М.Бекмухамбетова, дерматология бөлімі қызметкері А.Акмурзина, Кеңсахара ауылының фельдшері М.Кенжебаева, Хлебодар ДА қызметкері Д.Құспанова, Степановка ауылы акушері Д.Юсуповаға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Ал мерейтой иелері жан сақтау бөлімінің қызметкері К.Абдуллаева, ОАА шаруашылық бикесі А.Ахметжанова, терапия бөлімі қызметкері А.Дерепко, Родников ауылы ДА қызметкері А.Садықова, С.Абилова, Қаратоғай ауылы ДА Г.Есеркепова, жедел жәрдем бөлімі фельдшері Б.Бектемирова, жедел жәрдем бөлімі қызметкері Т.Темірбаева, Қызылжар ауылы ДА қызметкері Г.Кенжебаева мерекелік сыйлықтарға ие болды. Емхана қызметкері И.Петрик, әйелдерге кеңес беру бөлімінің қызметкері Ж.Жильгелдина, учаскелік терапевт Б.Жақсылықова, тіс дәрігері О.Миняйло, жедел жәрдем фельдшері Н.Донцова мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қонақтарға ОАА кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Қалиеваның ұйымдастыруымен қызықты мерекелік бағдарлама ұсынылды. Көрермендерге әсем әндер, қызықты ойындар, мың бұралған билер тарту етілді.