Халықпен кездесу.
06.04.2015
Ақпанның 19 –і күні Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының №18ө-пар-ф2 10.10.14 жылғы «Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарының жандандырылуы жөнінде » бұйрығын орындау мақсатында және де «Ауылым-Қобда » үгіт керуенімен бірге бас дәрігердің орынбасары А.Б.Пернебаева Жарсай ,Терісаққан елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Бас дәрігердің орынбасарымен бірге жалпы тәжірибелі дәрігер Н. Аюпова,С.Жоламанов стоматолог маманы тұрғындарға қабылдау жүргізді.
Тұрғындарды бірыңғай ұлттық жүйеге көшуге байланысты өзгерістермен ақпараттандырды, халық арасында денсаулық сақтау саласының медициналық қөмектің кепілді мөлшерінің көрсетілуі ,халықты ақысыз және жеңілдікті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы ДСМ–нің 21 желтоқсан 2009 жылғы №860 бұйрығына сәйкес жоспарлы түрде емдеуге ауруханаға жатқызылатын науқастар емханада толық тексеруден өткізіліп, электрондық порталды жүйесіне тіркеліп, жатқызылу күні анықталғаннан кейін ауруханаға орналастырылады.Сонымен қатар әр науқас еліміздің қалаған ауруханасында емделе алатыны туралы айтылды.
Қобда аудандық орталық ауруханасында медициналық көмектің сапасын және материалдық ,санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында медициналық құрал жабдықтар мен құрылғылар алынып,бүгінгі күні қолданысқа енгізілді. Атап айтсақ жылжымалы флюорокомплекс , реанимобиль , жедел көмек автокөлігі,окулист кабинетіне авторефкератометр және автоматты контакттасыз тонометр, эндоскопия кабинетіне гастроскопты видеоэндоскопиялық комплекс және жуу-залалсыздандыру машинасымен т.б жабдықталды.
Лизинг жобасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінен қолдау тапқан 20 млн көлемде тұратын,қазіргі заманға сай диагностикалық мүмкіндігі жоғары ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен жабдықталды.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарына қызмет көрсетілуде. Кездесу барысында дәрігер кеңестері беріліп, қойылған көптеген сауалдарға жауап берілді.