Ардагер аналарды құттықтау.
06.04.2015
Ауданымыздығы әрбір соғыс ардагері бір кәсіпорын мен мекеменің қамқорлығында. Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсету шарасы жыл сайын ұйымдастырылады. Жыл сайын аурухана ұжымы ардагерлерді ұдайы назарда ұстап, құрмет көрсетіп жатады.
Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Соғыс жауынгерлерінің арасында мүмкіндігі шектеулі жандар, сол сияқты өздігінен далаға шығып-кіре алмайтын, денсаулығы нашар ардагерлерге емхананың жоғары білікті дәрігерлері үйлерінде медициналық тексерістен өткізіп, сый-сыяпат үлестіріп өз қамқорлықтарын көрсетуде. Осы орайда ұжымдар өз кезегінде қарт майдангерлерге құрмет көрсету шараларын бастап кетті.
8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне биылда құрмет көрсетілді. Қобда аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ботагөз Саренованың қолдауымен кәсіподақ пен аурухана әкімшілігі Ұлы Отан соғысының ардагері, медицина саласында қызмет атқарған Александра Афанасенконың шаңырағына бас сұғып, мерекемен құттықтады.
Афанасенко (Мирная) Александра Прокофьевна (30.08.1923 ж. Қобда ауд. Вознесеновка а.) - Новоалексеевка мектебінен 8 кл. білім алып шыққан. Ветеринарлық (райветлечебн) есепші, банкте инспектор болып, 1942 ж. Қобда ауд. әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. Приморский өлкесінде әскери борышын өтеп, 626 әуежайларына (аэродромға) қызмет көрсету батальонында, Жапон соғысына қатысқан. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» т.б. медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін 1945 ж. аудандық комсомол комитетінің есеп секторының меңгерушісі, 1948 ж. мейірбике(медсестра) дайярлайтын курсты бітіріп күйеуімен Белоруссияның Гомель облысына кетеді. 1953 ж. Қобдаға қайтып келіп, сатушы болып орналасады. 1969 ж. өз мамандығы (медсестра) мейірбике бойынша жұмыс істеп зейнеткерлікке шыққан. Ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Дәрігерлер ардагерлерді түгелдей медициналық тексерістен өткізеді. Ең бастысы келешек ұрпақ ардагерлерді ұмытпай, Отан үшін от кешкен аталарымыздың ерлігін мәңгі естен шығармайды.
Соғыс ардагері Александра Прокофьевна өзіне көрсеткен құрметке, жасалып жатқан қамқорлықтары үшін аурухана ұжымына алғысын білдіріп, елдің ертеңіне деген тілегін жеткізді.