Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу.
08.04.2015
Ұлы Женістің 70 жылдығы қарсаңында аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев Алға қаласы мен Тамды селосында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін аралап, үйлерінде кездесті.
Қазіргі таңда Алға ауданында 6 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріі тұрады. Жылы жүзді жүздесуде ардагерлеріміз соғыс жылдары бастарынан кешкен қиын сәттерді қинала еске алып, үлгі-өнеге боларлықтай әңгіме айтты.
Бас дәрігер Ұлы Отан соғысы қандай бағамен келгенін, жеңіске жеткендігін мәңгі есте сақтап, Отанымыздың бейбітшілігі мен бостандығы үшін қан майданда соғысқан жауынгерлерімізді ешқашан да ұмытпаймыз. Қан майданда жеңіске жетіп, бізге тыныш та бақытты өмір сыйлаған ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық еместігін айтып, денсаулықтарын, жағдайларын сұрап, қандай көмек керек екенін сұрады. Ардагерлер ақ халаттылардың үйлеріне жиі келіп, денсаулықтарын қарап, бақылап тұратындарын, алғыстарын айтты. Бас дәрігер ардагерлерге рахметтерін айтып, соғыстағы, онан соң бейбіт күндегі істеріне ризашылығын білдіріп, істерінің біздерге үлгі екенін айтып, ардагерлердің қолын алып, денсаулық тіледі.