Наурыз айы туғанда!

17.04.2015

Жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесі де биыл  аудан көлемінде ерекше тойланды.

Аудандық аурухана ұжымы да ежелгі мейрам Ұлыс күнінде мерекелік алаңға киіз үй тігіп, ақ дастархан жайып, аудан жұртышылығына қазақтың ұлттық тағамдары: Наурыз көже пісіріп, қонақтарға сары бауырсақ, жент,әр түрлі жеміс-жидектер ұсынды.

Риза болған қонақтар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін арнады.