«Өз қаныңның қант мөлшерін анықта»

04.12.2014

2014 жылдын қараша айының 6 күні «Назран»  сауда орталығында аудандық аурухана бас дәрігердің ұйымдастырумен «Өз қаныңның қант мөлшерін анықта» атты ұранымен аудан тұрғындары арасында кең көлемді акция өткізілді. Аудандық аурухананың бас дәрігері акцияның өту себебін, әрбір адамның өз денсаулығына деген жауапкершщілігі болуы керектігі, жұмысбасты болшмай денсаулыққа мұкият қарап, уақытында скринингілік тексерілуден өтудің маңызы жөнінде түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Аудан  тұрғындарына салауатты өмір салтының аспектілері – қауіп-қатер факторларының алдын алуға, дұрыс тамақтану – фаст-фудтар мен тәтті газдалған сусындарды тұтынуды азайту, дене белсенділігін арттыру, т емекі шегуді азайту мен бас тарту, жеке бас тазалығын сақтау- әрбір күнді дене жаттығуынан бастаудың маңызы және аурудың алғашқы белгілері білінгінде уақытында медициналық көмек алу, әрбір адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі жөніңде түсінік жұмыстарын жүргізді, дәрігерлік кеңестер берілді. Акция барысында тұрғындардың қан қысымын, экспресс тәсілмен қандағы глюкоза мен холестериннің деңгейін анықтады, бойы мен салмағын өлшеп, кетле индексі шығарылды, артық салмақтың зияны, қалай арылу жолдарын түсіндіріп, акцияға қатысушылардың сұрақтарға жауап берілді. Әрбір акцияға қатысушыға ақпараттық-оқыту материалдары түсіндіріліп, таратылды. Акцияға барлығы – 76 адам қатысып,  127 ақпараттық оқыту материалдары таратылды.