Халықпен кездесу.

10.12.2014

Әйтеке  би   аудандық  ауруханасы  бойынша  Ақтөбе обдыстық денсаулық  Сақтау  Басқармасының №18ө-пар-ф2   10.10.14 ж «Тұрғындар  арасында санитарлық-ағарту жұмыстарыннң  жандандырылуы  жөнінде »   бұйрығын орындау  мақсатында  бас  дәрігер  Ж.Б Қамбаров –тың   Аралтөбе  және  Қарашатау  елді  мекендерінде тұрғындармен  кездесуі    өтті. Оған    бас  дәрігер Қамбаров Ж.Б ,ауыл  әкімі,жалпы тәжірбелі дәрігер,аудандық педиатр қатыстып,    тұрғындар  арасында денсаулық  сақтау  саласының   медициналық қөмектің кепілді  мөлшерінің  көрсетілуі ,халықты  ақысыз   және  жіңілдікті  дәрілік  заттар мен медициналық  бұйымдармен қамтамасыз  ету  тәртібі  жөнінде  және  т.б денсаулық  сақтау  саласының  басым  бағыттарына  негізделіп түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді.  Кездесу  барысында  дәрігер кеңестері  беріліп, қойылған  көптеген  сауалдарға  бас дәрігер  Ж.Б.Қамбаров  жауап берді. 

 

Ауыл  тұрғынындарының  басқа да қандай дәрігерлік  көмек қөрсетілді  деген  сұрағына  бас дәрігер Қамбаров Ж.Б:    2011-2015 жылдарға  арналған  денсаулық  сақтауға  бағытталған  Мемлекеттік  «Саламатты  Қазақстан»бағдарламасының  бағыттарының  бірі  скринингтік  бағдарламалар  арқылы  түрлі  дерттердің  алдын  алу,сауықтыру,диагностика  жасауды, негізгі әлеуметтіқ  маңызды  дерттерді  емдеу  және  сауықтыруды  жетілдіру  болып  табылады.Осыған  байланысты  2008  жылдан  бастап  Қазақстанда  Ұлттық скринингтік  бағдарлама  жүзеге  асырылып  келеді. 

Құмқұдық селолық округінің  ауыл тұрғындарына жетілдірілген дәрігерлік көмек көрсету мақсатында облыстық емдеу мекемелерінің дәрігерлерімен қамтылған «Денсаулық» автокешені ауданға келіп қызмет жасады. Құмқұдық селосынан  287 қаралып оның 78-і әр түрлі аурулармен профилактикалық емдеу көмектері көрсетілді. Туберкулездық ауруды қарап тексеру үшін жылжымалы флюорографиялық көлік тұрғындарды тексерді.

 

       Қазіргі таңда жыл сайын маммографиялық тексеру автокөлігі ауданға келіп, емшек безі обырына тексеру жүргізуді бастады. Мега Оптика автокөлігі Алматыдан келіп, көз ауруларына қарсы тексеру жүргізіп, көз әйнектермен қамтемелеуге көмектесті. Осының барлығы аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан шаралар  екендігін  түсіндірді..

Қазақстан Республикасы ДСМ–нің№860 бұйрығына сәйкес жоспарлы түрде емдеуге ауруханаға  жатқызылатын сырқаттар емханада толық тексеруден өткізіліп, электрондық порталды жүйесіне тіркеліп, жатқызылу күні анықталғаннан кейін ауруханаға орналастырылады.

 Ақысыз дәрі –дәрмектермен қамтамасыз ету  ҚРДСМ-нің №786 04.12.2011ж бұрығына сәйкес жүргізіледі деп  түсіндіріілді. .  Кездесу  барысында  дәрігер кеңестері  беріліп, дәрігерлер  қойылған  көптеген  сауалдарға  жауап  берді. Кездесуге  қатысқан  тұрғындар  саны  Аралтөбе  елді мекенінде  - 48,Қарашатау елді мекенінде  -72  ауыл тұрғыны  қатысты.