Жаңа жыл кеші.
27.01.2015
Қобда аудандық орталық ауруханасында Жаңа 2015 жылға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік бағдарлама жоспары бойынша, бірінші бөлімде кабинет безендірулері, екінші бөлімде музыкалық номерлер мен костюмдер сайысы өткізілді.
Жаңа жыл қонағы Аяз ата мен Ақша қар, коммиссия мүшелері барлық аурухана бөлімдері мен емхана кабинеттеріне кіріп, жаңа жылдық безендірулерін бағалап, құттықтап , тілек айтып, шырша маңындағы мерекелік жиынға шақырды.
Сонымен қатар аурухана емделушілері және босану бөліміндегі аналар мен балалар құттықталып, мерекелек сыйлықтар тарту етілді.
Мерекелік бағдарламаның екінші бөлімі мәжіліс залында шырша маңына өтті.Барлық мекеме қызметкерлері жиналып, мерекелік кеш жалғасын тапты.
Барлық мекеме қызметкерлері кешке белсенді қатысты.Жақсы музыкалық номерлер, костюмдер мен қойылымдар үшін сыйлықтар мен грамоталар берілді.