«Мен баланы қалай шынықтырамын»
21.07.2014
Тұрғындардың денсаулықтарын сақтау және нығайтуға, салауатты өмір салты мен қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігіне бағытталған «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны аясында бүгін, яғни 2014жылдың 17 наурыз күні марафонның 2 қадамы «Саламатты бала мектебі» өз жұмысын бастады. Осыған орай, Ақтөбе облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы №22 «Балдырған» балабақшасында «Мен баланы қалай шынықтырамын» атты семинар-тренинг өткізді.
Бағдарламада:
Семинар- тренинг өту барысында балабақша тәрбиеленушілердің ата-аналарымен таңғы жаттығу жұмыстары, көңілді шеңберлер, серуендеу кезі, спорттық ойындар, тыныс алу және сүйеніш-қозғалу жүйесіне бағытталған жаттығулар, сонымен бірге, аурудың алдын алуға негізделген нүктелі массаждар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіліп, ақпаратты оқыту материалдары таратылды.
Барлығы 53 адам қамтылды.