«Сен жол қозғалысы ережелерін білесің бе?»
21.07.2014
Тұрғындардың денсаулықтарын сақтау және нығайтуға, салауатты өмір салты мен қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігіне бағытталған «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны аясында бүгін, яғни 2014жылдың 18 наурыз күні марафонның 2 қадамы «Саламатты бала мектебі» өз жұмысын бастады. Осыған орай, Ақтөбе облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы №51 мектеп гимназиясында «Сен жол қозғалысы ережелерін білесің бе?» , «Бағдаршам ағай» тақырыптары бойынша акция ұйымдастырды.
Бағдарламада:
Жол- күзетінің полициясының қызметі, бағдаршамның қызметі, жол қозғалыс ережелері, балалар жарақаты мен ақпараттық-оқыту материалдарын тарата отырып, жол қозғалыс ережелерін үйретуге бағытталған оқу-тәрбие сәттері.
Барлығы 65 адам қамтылды.