Су – тіршілік көзі, денсаулық кепілі!

16.07.2014

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ» 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауын, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы «Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар өткізу туралы» № 45 бұйрығын жүзеге асыру шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен республика өңірлерінде 2014 жылы 24 ақпаннан бастап 23 наурыз аралығында туберкулездің профилактикасы жөнінде айлық пен 24 наурыз күні оған орайластырылған Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні өткізіледі.

Соған байланысты 2014 жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы №5 БЖОМ-нің оқушылар арасында  «Чайка» жүзу бассейнінде мінез-құлық мәселесіне қарым-қатынасты өзгерту мақсатында осы ауруға жұртшылықты тарту және Қазақстан Республикасында туберкулез жағдайын жақсарту үшін қоғамның күшін жұмылдырумақсатында   акция өткізді.

Жүзу барысында сіз дұрыс тыныс алуды үйренесіз, сіздің ағзаңызға оттегінің көптеген мөлшері түсе бастайды, ал бұл әрекет сіздің иммунитетіңізге,  қан жүйесі және  жасушаның қоректенуі мен  тіршілік әрекетіне  толықтай әсерін тигізеді. Суға ену және жүзу әрекеттерін орындау барысында,  судың  денеге көрсететін қарсыласуы кезінде, адам уқалау (массаж) әсерін сезінеді, ал бұл әрекет ағзаның жасару үдерісіне қажетті қан айналысының белсендірілуіне септігін тигізеді. 

Бағдарламада: Дене жаттығулары, эстафеталық ойындар, марапаттау рәсімі. Қамтылғаны 67 адам