Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны

16.07.2014

2014 жылдың 7 сәуір күні Қазақстан Республикасында «Сенің ұзақ өмір сүруің өз қолыңда» ұранымен  Дүниежүзілік денсаулық күні өтеді. Осыған орай,  аталмыш күн қарсаңында 2014 жылдың 12 наурызынан бастап 2014 жылдың 6 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасында алғаш рет  денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан   Облыстық денсаулық сақтау Депатаменттерінің қатысуымен  аймақтарда, оның ішінде Ақтөбе облысында,  барлық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың әдістемелік қолдауымен бір ай көлемінде «Денсаулыққа 7 қадам» атты марафон өткізіледі. Марафон әрбір қазақстандықты , АМСК ұйымдарындағы Денсаулық мектептеріне белсене қатысуға, әлеуметтік мәні зор  ауруларды ерте сатыда анықтау бойынша скринингтен өтуге, салауатты өмір салтының қолдаушысы болып, өз денсаулығы  үшін ортақ жауапкершілікке тартылуға шақырады. 

Бүгін 2014 жылдың 12 наурыз күні Облыстық перинаталды орталық пен Отбасын жоспарлау орталығында Отбасын жоспарлау мектебі, Босануға әзірлік мектебі, Жас ана мектептерін қамтыған  «Денсаулыққа 7 қадам» марафонының 1 қадамы өз жұмысын бастады.  Мектептерде семинар, акушер-гинекологпен өткен  жүкті әйелдер арасында босануға әзірлік жұмысы, психологпен жүргізілген психо-эмоционалдық жағдай дайындығы, рөлдік ойындар, қатысушылар сауалнамалары мен қызметкерлер жауабы, салауатты өмір салтын  насихаттау бойынша валеолог-дәрігерінің сөз сөйлеуі,  зал ішінде жүкті әйелдердің практикалық дайындалуы, бейне материалдардың көрсетілімі мен ақпараттық-білім беру мәліметтерінің таратылуы көзделді. Барлығы 21 адам қамтылды.