Туберкулездің алдын алу бойынша семинар
15.07.2014
2014 жылдың 3 ақпаны күні Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде учаскелік терапевт, педиатр дәрігерлері және БҚММУ интерн-студенттері, колледж, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің мейірбикелері аралығында туберкулездің алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасында қамтылған мәселелер: «Ақтөбе облысы бойынша туберкулездік қызметтің жалпы жағдайы және 2014-2020 жылдарға арналған шаралардың кешенді жоспары»; «Туберкулездің ерте кезеңде анықталуы», «Туберкулезді емдеудің жаңа әдістері», «Туберкулездің алдын алу». Сонымен бірге, семинар барысында қатысушылар арасында сауалнамалар мен пікірталастар ұйымдастырылды.