Қарақұдыққа газ келді.
26.11.2015
2015 жылдын қараша айының 20 күні Алға ауданы Қарақұдық елді мекеніне газ келді. Газдың ашылу салтанатына облыс әкімі Б.Сапарбаев, Алға ауданының әкімі А.Шериязданов, мекеме басшылары, ЖШС директорлары, аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев қатысты.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев бастаған қонақтар әуелі Алға аудандық ауруханасына қарасты Қарақұдық фельдшерлік-акушерлік пунктінде болып, медицина мекемесіне келушілермен сұхбаттасып, медицина қызметкерлерінің жұмысына тұрғындардың ықылас-пейілін сұрады.
Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев облыс басшысына аудандық аурухана бойынша, оның ішінде Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясына қарасты Қарақұдық ФАП халық арасында жүргізілген жұмыстар, жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары мен газбен жылытуға көшіріліп, дербес жылытылатыны туралы баяндады.
Облыс әкімі Қарақұдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимаратын аралап, газбен жылыту қазандығын көріп, ризашылығын білдірді.