Ризашылық мерекесі.

29.11.2015

26 қараша күні Алға облыстық балалар үйінде «Ризашылық»мерекесі ұйымдастырылып, өтті. Мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күні қарсаңында өтті. Бұл мереке  2009 жылдан бері  Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен өткізіліп келеді. Дәстүрлі түрде өтетін шараның негізгі мақсаты балаларға қаунышты отбасылық мереке сыйлау.

        «Ризашылық» мерекесіне облыстық білім бөлімінің бас маманы,  Алға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, басқа да мекемеден адамдар қатысты. 

         Алға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Жаңабаев балалар үйінің тәрбиененушілері мен ұжым қызметкерлерін, барлық қатысушыларды «Ризашылық»мерекесімен құттықтап, біздің қазақстанымыздың болашағы сіздер, сондықтан саналы, мейірімді, еңбексүйгіш болып өсулеріңе тілектестігін білдіріп, денсаулық тіледі. Біз осы күні тәуелсіздікті сыйлаған алдыңғы толқын ағаларымызға, бірлікті ту еткен Елбасымызға, балаларға қамқорлық көрсетіп жүрген жомарт жандарға ризашылығынмызды білдіреміз деді.

      Соңында балалар үйінің қызметкерлері мен балалар  келген қонақтарға концерт қойып, дастархан жайды, өздеріне қамқорлық көрсетіп жүрген аға-апаларына ризашылықтарын білдірді.