«Темекіден бас тарту».

29.11.2015

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 қарашасында №1113  Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «20-қараша Халықаралық темекіден бас тарту күніне» орай Темір аудандық орталық ауруханада «Темекіден бас тартамыз!» атты ашық есік күні акциясы ұйымдастырылды. Акцияда жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті бірлесіп темекі шегуші адамдарға ақыл-кеңестер беріп, смокелайзер аппаратымен дем алыс кезінде көмірқышқыл газы мөлшерін анықтау тесті жүргізілді. Тақырыпқа сай видеороликтер көрсетіліп, «Алкогольдің адам организміне әсері» - 15 шт., «Темекі түтіні» - 20 шт. ақпараттық – білім беру материалдары таратылды. 19 адам қатысты.  

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті  Шұбарқұдық кентіндегі мекемелердегі жұмыс орындарында «20-қараша Халықаралық темекіден бас тарту күні» атты дәрістер оқылып, пассивті темекі тарту дегеніміз не, темекі түтінінің құрамы, адам ағзасына әсері туралы түсінік беріліп, смокелайзер аппаратымен тест жасалып, ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.