Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен
30.11.2015
Қобда аудандық мәдениет үйінде «Ризашылық»мерекесі ұйымдастырылып, өтті. Мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтті. Дәстүрлі түрде өтетін шараның негізгі мақсаты балаларға қуанышты отбасылық мереке сыйлау.
«Ризашылық» мерекесіне Аудан әкімінің орынбасары , Қобда аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, басқа да мекемеден қызметкерлер мен кәсіпкерлер қатысты.
Барлық қатысушылар балаларды «Ризашылық»мерекесімен құттықтап, кітап қорын көбейту мақсатында өз үлестерін қосты . Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен келген қонақтарға концерт қойып өздеріне қамқорлық көрсетіп жүрген аға-апаларына ризашылықтарын білдірді.