Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

03.12.2015

         Алға аудандық аурухананың мәжіліс залында аурухана қызметкерлері Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Қазақстан халқына кезекті Жолдауын тікелей эфирден көріп, тыңдады. Жолдауды көріп, тыңдағаннан  кейін аурухана қызметкерлері талқылап, өз ойларын ортаға салды.

         Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаев Жолдауда 2016 жылы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көбейеді,  денсаулық сақтау қызметкерлерінің  еңбекақысы-28%, білім мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы-29%, әлеуметтік қорғау  мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы-40% көтеріледі. Мүгедектерге берілетін жәрдемақы мен студенттердің стипендиясы - -25%-ға өседі. Қазіргі заманда әрбір адам өз жұмыс орнын бағалап, маман иесі болып, еңбек етіп отырғанының өзі  бақыт екенін түсініп, сезінуі керек.

         Бюджет шығынын азайту үшін мемлекеттік-жекеменшік  әріптестікті  белсенді әрі тиімді қолдана бастау туралы айтылды. Алдағы уақытта облыстың медицина мекемелері де мемлекеттік-жекеменшік мекеме болып, өзгереді,  қызметкерлерге еңбекақыны   мемлекет береді.  Осы отырған көбіміз  тоқсаныншы жылдары  өмір сүріп, еңбек еттік.  90 жылдардағы дағдарыс кезінде жарық, жылу, еңбек ақы, зейнетақы болмады. Қиыншылықтарды жеңіп шығып, аман қалдық. Әрбір медицина қызметкері өз орнында дұрыс, сапалы жұмыс жасап, өз жұмысын жақсы білетін білімді, мәдениетті болуы керек, сонда ғана қиыншылықты жеңеміз, еңбекақыны уақытында алып, дағдарыстан шығамыз.

         Аудандық аурухананың ардагер  дәрігері Д.Құрманалин: қазір заман  аумалы-төкпелі, айнымалы, күнде теледидар мен газеттен лаңкестік шабуылдар туралы хабарларды көріп, оқимыз, адамдардың өліміне таңқалмайтын болдық, мекеменің әрбір қызметкері өз отбасында, ұжымда қауіп төндіріп тұрған лаңкестіктер туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, өз ойларын ортаға салулары керек. Елімізде тыныштық болса ғана біз бақытты, қуатты ел боламыз, ол осы отырған әрбірімізге байланысты. Халқымыздың денсаулығын сақтауда қажырлы еңбек етуіміз керек.