ЖРВИ және тұмаудың алдын алу.

15.11.2015

Қобда аудандық орталық ауруханасында жедел респираторлық инфекция және тұмаудың алдын алу мақсатында алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Қобда аудандық ауруханада  «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу »  туралы  дәрігерлер, медбикелер арасында семинар өткізілді. Дәрігерлер тұрғындар арасында кездесулер өткізіп,дәрістер оқуда. Мектеп оқушылары арасында тренингтер,сынық хаттар өткізілді. Тұмауға қарсы екпе аудан тұрғындарының  жоспарланған  континегентке  ақысыз түрде жасалынды. Аудандық емханада тұмауға қарсы егілу жұмыстары ақылы түрде жүргізіліп жатыр.  Емхана бөлімінде тұмаудан сақтану бойынша бейнероликтер үнемі көрсетілуде.