Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы.
15.11.2015
2015 жылдын қараша айының 10 күні Алға ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қоғамдық-маңызды жоба бойынша шығармашылық ұжымдар, ақпараттық-түсіндіру топтары, жұмыспен қамту орталығының мамандары, дәрігерлер, заңгерлер, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы өкілдерінің қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» автошеруі өтті. Автошеруге облыстық денсаулық сақтау саласының дәрігерлері мен Алға аудандық аурухананың дәрігерлері қатысты. Облыстық балалар стоматологиялық поликлиниканың бас дәрігері Н.Жиенғазы, Алға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Жаңабаев қатысушыларды қабылдап, сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлік кеңестер берді.