Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

15.11.2015

11 қараша 2015 жылы   Алға аудандық орталық аурухананың ұйымдастырумен І.Мәмбетов атындағы аудандық балалар кітапханасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» деген тақырыпта сұхбаттасу- дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге оқушылар, индустриалды-техникалық колледж студенттері мен ата-аналар, ұстаздар қатысты.

      Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері қатысушыларға салауатты өмір салтының аспектілері - қауіп-қатер факторларының алдын алу, дұрыс тамақтану - фаст-фудтар мен тәтті газдалған сусындарды тұтынуды азайту, тіпті қолданбау,  дене белсенділігін арттыру, темекі шегуді азайту мен  бас тарту және  артық салмақтың зияны жөнінде   түсіндіріліп, бейнеайналма көрсетілді.  Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларын айтып, түсіне алмай жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Кездесу қызу пікірталас түрінде өтті. Тренингілік, психологиялық ойындар ойналды. Ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.