Өз қаныңның қант мөлшерін анықта.

18.11.2015

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары бойынша 2015 жылдың 16 қарашасында барлық өңірлерде Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күнін өткізу жоспарланды. 

       Алға аудандық аурухананың бас дәрігері А.Жанабаевтың ұйымдастыруымен аудандық поштада 2015 жылдын  16 қараша күні «Өз қаныңның қант мөлшерін анықта» ұранымен акция өтті.

        Эндокринолог, терапевт, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігерлері мен лаборант қауіпті мінез-құлық факторларының алдын  алу,  тиімді тамақтану,  дене белсенділігін арттыру, темекі шегушілікті төмендетуге және қант диабеті дегеніміз қандай ауру- сол жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп,   қан құрамындағы глюкоза деңгейін анықтады, салмағы мен бойының ұзындығын өлшеп, индекс Кетле анықтап, кеңестер берді, сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.