Жүрек жылуы.
18.11.2015
13 қараша 2015 жылы күні Алға облыстық балалар үйінде облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша аудан әкімшілігінің ұйымдастырумен аудан мекемелері мен кәсіпкерлері арасында «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Алға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер А.Жанабаевтың ұйытқы болуымен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бей-жай қарамай, белсене қатысып, қол ұшын созды.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салды.
Балалар үйінің директоры, бүлдіршіндердің әкесі К.Байғазин қайырымдылық акциясына қатысушыларға рахметін айтты. Қайырымдылық акциясы жүрек жылуын аңсаған кішкентай бүлдіршіндердің көңілінен шықты деп толық айтуға болады.