Дүние жүзілік жүрек күні
19.11.2015
Қобда аудандық орталық ауруханасында 2015 жылдың 21-30 қыркүйегі аралығында Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында :
Аудандық орталық ауруханасында-ауданның барлық медицина қызметкерлері арасында Қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу онкүндігі жайлы кеңінен айтылып,ақпараттық оқыту материалдарымен қамтылды.
Онкүндік кезінде аудан тұрғындары арасында мекемелер мен ұжымдардың қызметкерлері мен жұмысшыларына арнайы дәрістер оқылып,семинар тренингтер,кездесулер өткізілді.
«Денсаулық бұрыштары» рәсімделді. Мамандардың қатысуымен қан қысымы мен холестерин,қандағы қант деңгейі, дене салмағы өлшеніп,дене салмағы индексі анықталды.
Халықтың көп шоғырланған жерлерінде: автобус, такси аялдамаларында, базар,сауда орталықтарында ақпараттандыру, түсіндірме,дәрігерлік/медбикелік кеңестер беріліп,АОМ-таратылды.
ҚАОА-сының емхана бөлімшесінде маман дәрігерлерінің қабылдауы,кеңес беру, тегін тексерілулері ұйымдастырылып, «Ашық есік»күні өткізілді. Тұрғындар мамандардың қабылдауларында болып,ЭКГ-ге түсіріліп тексерілді.Ауруханаға келушілердің дене салмақтары өлшеніп,қандағы қант мөлшері анықталып,қан қысымдары тексерілді. Емханада қан тамыр ауруларының алдын алу жөнінде арнайы бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық оқыту материалдары таратылды.