«16 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні»

19.11.2015

16 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күніне орай Темір ауданында барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетімен, аймақтық жалпы тәжірибедегі дәрігерлермен, офтальмолог және басқа тар көлемді мамандардың кеңес беруімен «Ашық есік» күні өткізілді, барлығы 47 тұрғынға кеңес берілді. Акция аясында тұрғындарға «Қант диабетінен қорғаныңыз!» атты денсаулық бұрышы ұйымдастырылып, қан құрамындағы глюкоза, гемоглобин деңгейін анықтап, дұрыс тамақтану, қандағы қант мөлшері, қант диабетінің асқынулары, алдын-алу туралы ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, келушілерге видеороликтер көрсетілді.   

        Мектептерде дұрыс тамақтанбау секілді қауіпті факторлардың алдын алу үшін: фаст-фуд тағамдарын, тәтті газдалған сусындарды тұтынбау, дене белсенділігін арттыруда 2-8 сынып оқушылары арасында «Артық болмас білгенің» атты кеш ұйымдастырылып, дұрыс тамақтану қағидалары жөнінде слайд, видеороликтер көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Барлығы 126 адам қатысты.

         Халықтың көп жиналатын жерінің бірі аудан орталығында «Халық банк» АҚ –да Темір аудандық бөлімшесінде «16 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні» атты медициналық қалашығы ұйымдастырылып, банк келушілеріне қан құрамындағы глюкоза, холестерин, гемоглобин деңгейін анықтап, бой, салмағын өлшеп, жалпы тәжірибедегі дәрігері, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті, медициналық психологпен 35 адамға  ақыл-кеңестер беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.