Қант диабетінен қорғаныңыз!

26.11.2015

Қазақстанда Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы қант диабетімен аурушаңдылық 100 000 адамға шаққанда 164,4 ті құрады. Қант диабеті жүрек ауруы мен инсульттің даму қаупін арттырады. Халықаралық зерттеу мәліметтеріне сәйкес диабетпен ауыратын адамдардың 50% -ы жүрек-қантамыр ауруынан қаза табады. Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты: қант диабетінің қауіптілігі және қант диабетінің 2-типімен аурушаңдылық көрсеткішінің өсуі,мінез-құлықтық қауіпті факторлар болған жағдайда осы аурудың алдын қалай алуға болатыны,алғашқы белгілері,негізгі салауатты өмір салты мен денсаулыққа ортақ жауапкершілікті қалыптастыру болып табылатын медициналық көмек пен профилактикалық шаралардың маңыздылығы туралы тұрғынғындардың сауаттылығын арттыру болып табылады. Осы мақсатта 11-ші қараша күні Халыққа қызмет көрсету орталығында акция ұйымдвстырылды. Акцияға салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері, дәрігер эндокринолог,әлеуметтік қызметкер қатысып түсінік жұмыстары жүргізіліп ,қандағы шекер мөлшері анықталып,ақпараттық оқыту материалдары таратылды. Қанттың деңгейі жоғары болған адамдарды жергілікті емдеу мекемелеріне баруға кеңес берілді. Қамтылғаны-48 адам.

12 қараша күні орталық емханада «Ашық есік» күні СӨСҚК дәрігері, эндокринолог, алқаптық дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің  қатысуымен  ұйымдастырылып келген тұрғындарға кеңес беріліп,72 адамның қант мөлшері анықталды.