Медицина қызметкерлері журналистермен кездесті.
01.11.2015
2015 жылдын қазан айының 27 күні Алға аудандық орталық ауруханада медицина қызметкерлері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы Б. Бабажанұлы мен «Актюбинский вестник» газетінің редакторы М. Жармұханбетовпен кездесті. Басқосуда бас редакторлар өз газеттерінің жұысы, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен таныстырды.
Б.Бабажанұлы газеттің шығу тарихы, қамтылатын тақырыптарды таныстырып, бұл газет өңірдегі ғана емес, еліміздегі ең үздік газеттердің бірі екенін тілге тиек етті. Облыстық газеттердің Ақтөбе облысының әрбір тұрғынына, оның ішінде сіздерге де жақын болуы керек, себебі газет әрбір адамға қажетті проблемалық мәселелерді көтереді.
Медицина қызметкерлері де өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын редакторларға қойып, жауап алды. Мерзімді басылымдар беттерінен маңызды мәселелердің шешімдерін көруді қалайтындықтарын айтты.
Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Ж.Жанабаев редакторларға біздің медицина қызметкерлерінің мақалаларының облыстық газетке шығуы үшін көмектесулерін сұрады, өз ұсыныстарын айтып, жұмыстарында сәттілік тіледі. Кездесу әсерлі өтті.