Рабың үшін құрбан шал!
03.11.2015
Құрбан (араб тілінде) - «жақындау» деген мағананы білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.
2015 жылы 24 қыркүйекте Құрбан айт мейрамында аурухана емделушілеріне арналып, аурухана қызметкерлерінің күшімен қаражат жиналып, құрбандыққа 2 мал (қой) шалынды.
Құрбан айт мерекесіне орай қызметкерлеріміз аудандық мешіттің өткізілетен шараларына қатысты.
Ауруханадағы емделушілерге арнап мал шалынып, жеті нан таратылып, құран оқытылып, ас берілді.